Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігер аллергия мен COVID-19-дың ортақ белгілерін айтты

коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 15:49 Сурет: Zakon.kz
Коронавирустың симптомдарын маусымдық аллергиядан ажырату қиын болуы мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігерлер қауіпті ауруды қалай анықтау керек екенін біледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың аллерголог-дәрігері Әйгерім Кулушева ауырсыну басталғанда тұмау, коронавирус, жедел респираторлық инфекциялар, маусымдық аллергиялар ұқсас болатынын айтты.

Алғашқы белгілері:

мұрыннан су ағу,

температураның көтерілуі,

тамақ ауруы, жыбырлауы,

құрғақ жөтел,

жалпы мазасыздық.

Коронавирусты маусымдық аллергиядан айыру қиын болуы мүмкін. Өйткені аллергиялық реакцияда мұрын бітелуі, мұрын жолдарының ісінуі, жөтел және көздің жасаурауы болуы мүмкін. Коронавирус та кез келген ЖРВИ симптомдары сияқты ұқсас белгілермен басталуы мүмкін. Аллергиялық реакцияның негізгі симптомы – мұрын мен көздің қышуы. Бұл ретте аллергиямен ауыратындардың дене температурасы 37,5 градустан жоғары көтерілмейді. Орташа ковидте температура 37,5-тен жоғары көтеріледі, ал бұл аллергияға тән емес. Аллергия дерттік сыртартқымен байланысты болады. Бұрынғы жылдардағы ұқсас белгілер пайда болуы мүмкін.Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасының аллергологы Әйгерім Кулушева

Дәрігер кез келген күдікті белгілер болған кезде ауруды анықтау үшін ПТР тестін тапсыруды кеңес етеді.

Егер бірқатар белгілер осы жылы ғана пайда болса және бұл бұрын-соңды болмаған болса, кем дегенде екі рет сынақтан өтіп, ковид жоқ екеніне көз жеткізіп, содан кейін аллергиялық реакцияның не екенін анықтау үшін аллергологпен байланысу керек. Маусымдық аллергияда мұрынның қышуы, көздің қызаруы, сонымен қатар мұрыннан су ағу белгілері болады. Аллергияға тән белгі – ковид кезінде болмайтын түшкіру, мұрыннан су ағу немесе мұрын бітелуі. Аллергия кезінде дереу құрғақ жөтел басталады. Ал аллергияға тән емес температура анализ тапсыруға себеп болады.Әйгерім Кулушева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: