Мұнай қымбаттап жатыр: инвесторлар оның нарықтағы тапшылығынан қорқады

Мұнай бұрғылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2022 13:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Дүйсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы оның тапшылығы салдарынан көтеріліп жатыр. Бұл – сауда деректері мен сарапшылардың пікірлері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:16-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 95,19 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 0,25%, яғни 89,23 долларға дейін өсті. Бұл туралы 1prime.ru жазды.

Инвесторлар нарықта мұнай тапшылығынан қауіптеніп отыр. Мұндай қорқынышты Қытай статистикасы растайды.

Айтпақшы, Қытайға мұнай жеткізу бір ай бұрын айтарлықтай төмендегеннен кейін шілдеде төрт жылдағы ең төменгі деңгейге дейін өсті. Бұл сұраныстың қалпына келе бастағанының белгісі.

Сонымен қатар экономикалық құлдырау қаупі де мұнай бағасының өсуін тежеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: