Жаңалықтар тізбегі
0

«Қосаяқты атқан». СҚО-да аңшы байқаусызда серігін атып алды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2022 20:05 Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың 6 тамызында Шал ақын ауданы Неждановка ауылының жанындағы орман алқабында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыртау ауданының тұрғыны аң аулап жүрген. Бір уақытта көзіне түскен қосаяққа оқ атқан. Оның қолында тіркеуде бар аңшы мылтығы болған. Оқтың бір бөлігі оның серіктесіне, сондай-ақ жергілікті тұрғынға тиген.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары қолға алынды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. СҚО ПД баспасөз қызметі

Бұл осы өңірде орын алып отырған осындай қайғылы бірінші жағдай емес. Шілде айының ортасында жидек теруге шыққан әйел де адасқан оқтан қаза тапқан еді. Оны аңшы атып өлтіріп алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: