Білім грантын тағайындау конкурсының қорытындысы бүгін 16.00-де шығады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бүгін шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бүгін сағат 16:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram-дағы каналында жарияланады, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы БАҚ беттерінде де жарияланады.
Бөлісу
0
Толық оқу