Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

грант, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 16:13 Сурет: pexels
2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Дайын сертификаттарды талапкерлер Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтынан жүктей алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурсболашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.

Еске сала кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы балаларға бөлінген грант саны артты, яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер грант алуда басымдыққа ие болды.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдерін мына жерден көре аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: