Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев тексерулер және профилактикалық бақылау жайлы Жарлыққа толықтыру енгізді

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 20:13 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтінін Ақорда жариялады.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу», делінген Жарлық мәтінінде.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алдында толықтырулар енгізілген Жарлық жобасын ҚР ҰЭМ әзірлеген болатын.

Мораторий бойынша, жекелеген тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындай алмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: