Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да алаяқтар өзін полиция, прокуратура қызметкерімін деп таныстыратын болған

Интернет-алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 20:35 Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Интернет-алаяқтар өзін ПД бастығының орынбасарымын деп таныстырып, СҚО тұрғынын алдамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар жаңа тәсілді белсенді қолдануда: “банктен қоңырау шалу туралы” бұрынғы әдістерін қолданар алдында, өздерін полиция немесе прокуратура қызметкеріміз деп таныстырады.

Сонымен қатар, олар қызмет етіп жүрген қызметкерлердің, бұған қоса облыстық полиция ведомствосының басшылығы атын жамылып қоңырау соғады.

Алаяқтар банктің жосықсыз қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр деп әлеуетті құрбандарын сендіруге тырысады. Олар адамның атына ірі көлемде несие ресімдеуге тырысуда, бұл жағдайға жол бермеу үшін өзіңіз істегеніңіз жөн деп, кейін ақшаны қылмыскерлер ұсынған шотқа аударуға мәжбүрлейді.

Мұндай тәсілге алданған адамдар миллиондап шығынға батады. Полицейлердің жүргізіп жатқан ауқымды профилактикалық жұмысының арқасында СҚО көптеген тұрғыны алаяқтардың алдауына көнбейді.

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына желілік алаяқ қоңырау шалып, өзін СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровпын деп таныстырған. Ер адам қаскөйдің айтқанына сенбей, сөйлесуді жазып алып, болған жағдай туралы полицияға хабарлаған.

Осындай жағдайлар жиі кездеседі. Алаяқтар адамға психологиялық қысым көрсетуге тырысады, ойлануға мүмкіндік бермей асықтырады. Криминалдық полиция қызметкерлері телефонмен мұндай сөйлесуге бармайтынын есте сақтаған жөн. Олар куәгер немесе күдікті ретінде адамнан жауап алады, бұл әрекет тек алдын ала хабарлама жіберіліп, жеке кездесу кезінде жүзеге асады. Күмәнді қоңырау түссе, “102” арнасына хабарлаңыз. Полицейдің атын жамылып, өзін таныстырған алаяқ бойынша қызметкердің жеке қабылдауына жазылуға болады. Сонымен қатар, егер алаяқ өзін банк қызметкерімін деп хабарласса, банктің ресми телефонына қоңырау шалып, қоңырау шалу фактісін тексеріңіз. Өз қорыңыздың сақталуына көз жеткізу үшін банкке жеке жүгініңіз, — дейді Руслан Назаров.

7 айда СҚО-да 464 интернет-алаяқтық тіркеліп, оның 129-ы «банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: