«Доктор Хаус» және «Құпия материалдар». Көпке танымал актриса дүниеден озды

Қаралы хабар Сурет: kinopoisk.ru
Америкалық кино және телевидение жұлдызы Дениз Дауз 65 жасында дүниеден озды. Ол ауруханада біраз уақыт комада жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауз менингиттің асқынған түріне шалдыққан. Қаралы хабармен марқұм актрисаның әпкесі Трейси әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады "Российская газета".

Дениз Дауз 1958 жылы Гавай аралдарындағы Гонолулу қаласында дүниеге келген. Ол 80-ші жылдардың соңында экраннан жарқ етіп көрініп, танымал актрисаға айналды. Оның алғашқы рөлдерінің бірі - "Альфа" фильмінде ФБР агенті.

Ол 120-дан астам жобаға қатысқан, олардың ішінде мынандай фильмдер де бар:

  • "Сайнфельд",

  • "Баффи - вампирлерді жендеті",

  • "Аспан десанты",

  • "Жедел жәрдем",

  • "Плезантвиль",

  • "Арман реквиемі",

  • "Беверли-Хиллз 90210",

  • "Арбалғандар" түпнұсқасындағы тағдыр періштесі,

  • "Гилмордың қыздары",

  • "Доктор Хаус",

  • "Castle",

  • "Құпия материалдар".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз