Жаңалықтар тізбегі
0

1600-ден астам сайт есірткіні жарнамалап, сатқан – Ішкі істер министрлігі

компьютер, интернет, сайт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 13:11 Сурет: unsplash
Қазақстанда есірткінің таралуына қатысты 1606 сайт, аккаунт және басқа да ресурс анықталып, бұғатталды. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есірткі заттарды заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс, интернет арқылы сату бойынша 153 қылмыстық іс тіркелді. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысты 1606 сайт, аккаунт және басқа да ресурс анықталып, бұғатталды.ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің өкілі Данияр Оралов

Оның айтуынша, тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен есірткі сатуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелер бар 4160 граффити жойылды.

Жалпы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл жеті айда 1491 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 874 сату фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактісі анықталды. Жыл басынан бері барлығы 4,5 тонна түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі бар.

Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Павлодар облыстарында қарасора мен «синтетика» жеткізу және сатумен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді.

Синтетикалық есірткіге қатысты 890 қылмыс тіркелді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстарында 23 дәрі-дәрмек зертханасы жойылды.

Сонымен қатар министрлік жыл сайын маусымнан қазанға дейін «Қарасора» ауқымды операциясы барысында полиция қызметкерлері гашиш пен марихуананы жинау, сақтау және сатудың мыңнан астам фактісін анықтағанын еске салды.

Мысалы, арнайы операцияның 2,5 айының қорытындысы бойынша қазірдің өзінде 607 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 299 сату, 76 сақтау және 167 өсіру фактісі бар. Заңсыз айналымнан 2 тонна 690 келі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 1 тонна 98 кг марихуана, 113,3 кг гашиш, 19,3 кг синтетикалық есірткі және 278 678 түп өсімдік түріндегі есірткі бар. 60 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Сонымен қатар оңтүстік облыстарда шалғай аудандарда сабақтарының биіктігі 4 метрге жететін үнді марихуанасының плантациялары өсіріледі. Мұндай дақылдарға қызмет көрсету үшін қылмыскерлер қоймаларды жабдықтап, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін құрып қояды. Мұндай алқаптарға назар аудармау үшін жұмысшылар мамырдан қазанға дейін сол алқапта болады. Оларға мезгіл-мезгіл азық-түлік пен қажет заттың бәрі жеткізіледі.Данияр Оралов

Ол мұндай фактілерді анықтау мақсатында маусым-қазан айлары аралығында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақ сарбаздары бірлесіп, Қызылорда облысы мен іргелес облыстарые тікұшақпен тексеру жасалып жатқанын айтты.

«Қарасора» ауқымды операциясын ұйымдастыру мен өткізуге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің және «Ғарыш Сапары» АҚ-ның күштері мен құралдары да тартылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: