Қазақстаннан Junior Eurovision байқауына кім баратыны белгілі болды
Сурет: KhabarTV
Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан 11 жасар Дэвид Чарлин өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс Ереванда 11 желтоқсанда өтеді.
Ақтөбеде «Бақытты бала-2022» ашық балалар байқауының гала-концерті өтті. Бес күнге созылған байқауға әлемнің сегіз елінен 10 мен 16 жас аралығындағы дарынды балалар қатысты.
Гала-концерт қорытындысы бойынша Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан елдің абыройын қорғауға 11 жасар Дэвид Чарлин барады. Ақпаратты «Бақытты бала-2022» ашық балалар байқауының ұйымдастырушылары хабарлады.
Достар, баршаңыздың құттықтауыңызға рақмет! Кеше болған жай көбірек түс немесе ертегі сияқты, мен не болғанын әлі толық түсінген жоқпын. Бірақ мені осындай көп адамдардың қолдағанына өте қуаныштымын. Қазылар алқасына жоғары сенімі үшін алғыс айтамын. Маған сенген және мені Junior Eurovision байқауына қатысуға лайық деп санағандардың барлығын ренжітпеуге тырысамын. Алда жұмыс көп, оған да қуаныштымын. Өйткені музыка – менің өмірім.Дэвид Чарлин
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript