Төрт рет екпе алған Pfizer компаниясының басшысы COVID-19 жұқтырып алды

Pfizer, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 21:59 Сурет: Zakon.kz
Америкалық фармацевтикалық корпорацияның атқарушы директоры Альберт Бурладан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pfizer - BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын, өйткені қазір өзімді жақсы сезінемін, менен анықталған ауру белгілері білінер-білінбес. Оқшауланатын боламын, Paxlovid препаратын қабылдай бастадым, деп ТАСС Бурланың сөзін келтіреді.

АҚШ президенті Джо Байден де алдында осы препаратпен емделгені айтылады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та коронавирус инфекциясының 92 миллионнан астам жағдайы анықталды, тағы 1 миллионнан астам адам көз жұмды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: