Қазақстанның үздік теннисшісі ұлды болды

Қазақстанның бірінші теннис ракеткасы Александр Бублик пен оның жұбайы алғаш рет ата-ана атанды. Осы қуанышты оқиғаға байланысты қазақстандық теннисші қысқа мерзімді демалыс алды. Ол Цинциннати мен Уинстон-Сэлемдегі (АҚШ) ірі турнирлерді өткізіп жібереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 25 жастағы қазақстандықтың ұлы дүниеге келді. Оның есімі – Василий.

Сурет: Instagram/bublik
Бөлісу
0
Толық оқу