«Зерде»: холдингтің таратылатыны жөнінде хабарландыру жарияланды

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингінің жеке сайтында таратылатыны туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ (БСН: 080940016280) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды, – деп жазылған сайтта жарияланған хабарламада.
Хабарламада жазылғандай, шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 мекенжайы бойынша;
мына телефон нөмірлері арқылы: 8 (7172) 57-07-78, 57-09-08, 57-08-20 қабылданады.
Бөлісу
0
Толық оқу