Павлодарда таңды қарсы алғысы келген мотоциклистке айыппұл салынды

жастар, таңның атуы Сурет: pixnio
Павлодарда полицейлер күннің шығуын қызбен қарсы алмақ болған кәмелеттік жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 тамыз күні сағат 5:40-та Павлодардағы Естай көшесінде арнайы баскиімсіз мотоцикл айдаған жігітті полицейлер тоқтатты. Оның қасында қызы болған. Мотоцикл жүргізушісі Абай көшесіндегі түнгі клубтан шығып келе жатқанын айтты. Әрі қарай тамыз таңын қарсы алуға бет алған, – деп жазды ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталы.

Полицейлер жүргізушінің жасы 18-ге толмағанын және жүргізуші куәлігінің жоқтығын анықтады. Оның үстіне жігіттен алкогольдің өткір иісі шыққан. Жасөспірімнің анасы полиция бөлімшесіне шақырылған. Ол баласының уақытын қайда өткізетіні туралы егжей-тегжейлі түсіндірместен серуендеуге шыққанын айтты. Жүргізушінің мас болғанын медициналық сараптама растады.

Кәмелетке толмағанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 8-бөлігі, сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот жүргізушіге қатысты жасалған құқық бұзушылық үшін 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Көлік тұраққа қойылды.Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге кәмелетке толмаған баланы түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде тауып алғаны үшін жас жігіттің анасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 442-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз