Жаңалықтар тізбегі
0

«Ақтөбе» футбол клубына 55 жыл толды

футбол клубы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 18:58 Сурет: Parimatch
Ақтөбе, 2022 жылғы 19 Тамыз – осы демалыс күндері «Ақтөбе» футбол клубы өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Мереке аясында баспасөз конференциясын, клуб жанкүйерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар және отшашулар өткізу жоспарлануда.

21 тамызда Қазақстанның ең атақты футбол клубтарының бірі – «Ақтөбенің» 55 жылдығы салтанатты түрде атап өтіледі. Жарты ғасыр ішінде клуб Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Бірінші лиганың екі дүркін чемпионы, ҚР Суперкубогының үш дүркін иегері және Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды. Өз жетістіктерімен қатар клуб ең белсенді жанкүйерлерімен мақтана алады - 2006 жылдан бастап оны Қазақстаннан тыс жерлерге тараған «13-сектор» атты фанаттық қозғалысы қолдайды.

Біз Ақтөбе облысының басшылығына осы іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені және шектеусіз мүмкіндіктер бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Өзінің туған күнін алаңда және жанкүйерлердің ортасында қарсы алу – әрбір клубқа мұндай құрмет көрсетіле бермейтінгіне сенімдімін. Сондай-ақ, біздің тұрақты серіктесімізге – Parimatch беттинг-компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Міне, үш маусым бойы біз спорттық-маркетинг саласында бірлесіп жұмыс істеп келеміз, және бұл серіктестік сөзсіз өз жемісін беруде. Бізді алдымызда әлі де көптеген қызықты жобалар мен жеңістер күтіп тұр деп ойлаймын, - деп атап өтті «Ақтөбе» ФК Басқарма Төрағасы Ерлан Жамантаев.

Мерейтойды мерекелеу күні кездейсоқ таңдалған жоқ - дәл осы күні Қаланың бас стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының XIII турының матчы өтеді, онда «Ақтөбенің» қарсыласы шымкенттік «Ордабасы» командасы болады. Матчтан басқа клуб осы күнге шағын мерекелік іс-шара, жанкүйерлердің перфомансы, фан-сектормен мерекелік шаралар өткізу және отшашулар өткізуді жоспарлап отыр. Команда турнир кестесінде көшбасшылық ұстанымды сақтап қалу үшін матчқа қызу дайындалуда.

«Ақтөбе» футбол клубының негізі 1967 жылы қаланған және осы маусымда клуб өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Мерейлі жас, әдемі сан.Осы уақыт ішінде клуб әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді – жеңістері де, құлдырауы да болды, бірақ 2020 жылдан бастап «Ақтөбе» жоғары дивизионда сенімді түрде орныққан және чемпиондықтың бағытында жүруді жалғастыруда. Біздің биылғы мақсатымыз - УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алу. Қазір біз турнир кестесінде бірінші орында тұрмыз және бәрі де біздің қолымызда», - деп «Ақтөбе» ФК бас бапкері Андрей Карпович болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Parimatch беттинг-компаниясы 2020 жылдан бастап «Ақтөбе» ФК басты демеушісі болып табылады. Осы уақыттың арасында бірлескен күш-жігермен көптеген жарқын іс-шаралар іске асырылды, олардың ішінде демеушілік және қайырымдылық жобалары да бар.

футбол клубы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 18:58

Сурет: Parimatch

Parimatch стадиондағы мерейтойлық матчта мини-футбол және армрестлинг аймақтары, сондай-ақ күш өлшегіштер ұсынылған, ол жерде кез-келген адам өз күшін сынап көре алады. Сонымен қатар, компания спорттық жарыстар, конкурстар мен викториналар өткізуді жоспарлап отыр, онда жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді.

55 жыл - ауыз толтырып айтатындай уақыт. Орташа статистикамен алғандағы адам өмірінің жартысынан да көп! «Ақтөбе» ФК үшін бұл жаңа белестерге бастайтын жол екеніне менің күмәнім жоқ. Біздің серіктестігіміз – әдеттегі жай ғана демеушілік емес, қазақстандық футболдың бүгіні мен болашағына қосқан үлесіміз екеніне қуаныштымын. Біз команда үшін шын жүректен жанкүйер боламыз, дұрыс стратегиялық шешімдер мен ұшқын шашқан голдар тілейміз, - деп түсініктеме берді Роман Бойко, CEO Parimatch Kazakhstan.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: