Павлодарлық азамат полицияға әйелінің үстінен шағым түсірді

Павлодар Сурет: polisia.kz
Павлодар полициясына ерекше арыз түсті. Ер адам жалақысын алып кеткен әйелінің үстінен шағымданды. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға Павлодардағы Естай көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған.

Түннің бір уағында «102» нөміріне бір адам хабарласты. Үйіне жалақысын алып келгенде, әйелі «айлығын» алып, бермей қойғанын айтты. Ол тапқан-таянғанын өзіне жұмсауды жоспарласа, әйелі бұл қаражатты отбасына бір нәрсе сатып алу үшін жинамақ болған.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Арызданушы полициядан құқық бұзушымен арадағы мәселені шешіп беруді талап еткен.

Көрсетілген мекен-жайға келіп, ерлі-зайыптылармен сөйлескен полицейлер бюджетті келісіп жұмсауға көндірді.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомство мұндай арыздар полицияға күн сайын түсетінін және көп жағдайда тәртіп сақшылары қарсыластар арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, жол таба алатынын атап өтті.

Дегенмен дәл осындай күлкілі жағдайлар шұғыл шараларды қажет ететін ауыр құқық бұзушылтарды тексеруге тиіс полицияның уақытын алады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз