Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМДБ елордадағы Бас мешітте ерсі қылық танытқан қызға қатысты пікір білдірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 22:22 Сурет: zakon.kz
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас мешіттің сыртында билеп жүрген жас қыздың видеосы тарады. Мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспаған қыздың кім екені анықталған жоқ, деп хабарлайды, Zakon.kz.

21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді, деп мәлімдеді Almaty.tv тілшісі.

Дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірмек болғанымен, қыз ескертуге құлақ аса қоймаған.

Имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытты. Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болды. ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешіттің баспасөз қызметі

ҚМДБ мешітке келушілерді құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: