Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полицейлер дәретханадан жаңа туған нәрестені алып шықты

нәресте, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 14:20 Сурет: unsplash
25 тамыз түнде Алматының Түрксіб ауданында жаңа туған нәрестені құтқаруға қатысты жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрксіб аудандық Полиция бөліміне түнгі сағат 2.00-де кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы қоңырау түсті. Қыз қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Содан кейін полицей "бала қайда?" деп нәрестені іздеген.

Дәрігерлермен сөйлескеннен кейін мен оқиға орнына барып, тексеруді жөн көрдім. Басыма “бала қайда?” деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға орын алғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан ізін, сосын жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Осы кезде тергеу-жедел тобы келді. Оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Біз дәретхананың еденінен тақталарды тез алып тастадық. Әріптесім Ғазиз төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Бәріміз мазасыз күйде едік, уайымдадық. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

17 жастағы жасөспірімнің анасы қызының жүкті болғанын білмеген. Қазір бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде тергеу амалы басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір бала жансақтау бөлімінде. Құтқарушы полицейлер сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Қазір баланың жағдайын біліп қайттық. Ол дәрігерлердің бақылауында жансақтау бөлімінде жатыр. Өз бетінше дем алып жатыр. Бұл жаңалыққа баланы құтқаруға қатысқан барлық әріптестерім қатты қуанды. Демек бала өмір сүреді. Ол туылғаннан бері өз өмірі үшін күресті. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бақытты болып өсе берсін. Мен - үш ұлдың әкесімін. Сондықтан бұл оқиға мені бей-жай қалдырмады. Біз өз әріптестеріміз құтқарған нәрестенің тағдырын міндетті түрде қадағалаймыз, – деді Нұржан Шатунов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: