Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында шенеуніктер жолдың ақшасын "жеп қойды" деген күдікке ілінді

Бюджет ақшасына қол салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2022 23:00 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында шенеуніктердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Осакаровка ауданы Молодежный кентінің әкімдік қызметкерлері жолдарды жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақты қанша адамның айыпталып жатқаны белгісіз.

Әлеуметтік желіні бақылау кезінде Молодежный кентінің тұрғындары жергілікті жолды тексеру туралы өтініші көзге ілінді. Тексеруге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қосылды және де бірқатар қылмыстық іс қозғалды. "Сарыарқа-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Мәлика Күсенбаева

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары "қызмет бабын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан- таражға салу" бабымен айыпталған. Кінәлары дәлелденсе, олардың мүліктері тәркіленіп, 4 жылға дейін сотталуы мүмкін. Молодежный кентінің тұрғындары «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы бойынша өткен жылы қазанда жөнделген жолдар арада 7 ай өткен соң ойылып кеткенін айтып шағымданған. Тіпті, шұңқырлар екі рет жөнделген. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, 13 шақырым жолды жөндеуге бюджеттен 500 млн теңгедей қаржы бөлінген. Тексеру басталған соң мердігер кей учаскелерді қайта жөндеп жатыр. Жаңа асфальттің тез бұзылуына осы жолдармен жүретін жүк көліктері кінәлі екені айтылады. Ал оларды неге ескермегендерін өздері де түсінбейтінін айтты, делінеді Astana.tv сюжетінде.

Ақша бөлініп жобалық сметалық құжаттама дайындаған кезде барлық көшеге бірдей бір стандартпен жасалған. Ауыр жүк көлігі ескерілмеген. Оның үстіне осы маңда мектептің жанында қардан қорғайтын қоршау тұрғызылған. Онда қар көп жиналады да көктемде еріп жолдың шетін шайып кетеді. Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Молодежный кенті әкімі аппаратының бас маманы Светлана Ионова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: