Көкшетауда ер адам газ баллонын жарып, 5-ші қабаттан секіремін деп доқ көрсетті

Оқыс оқиға Сурет: polisia.kz
Полициядағылар облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны есірткіге елітіп, сырттан ешкімді кіргізбей, пәтеріне тарс бекініп алған болуы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер пәтерде газ баллонын жарып жіберемін немесе бесінші қабаттан секіремін деп доқ көрсеткен ер адамның үстінен түсті. Қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері тұрғын үй подьездінің тұрғындарын эвакуациялады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция жатын бөлмесінің терезесінен секіргісі келген ер адамның назарын аударып, көңілін аулаған кезде арнайы күштердің қызметкерлері пәтерге кіріп, оны ұстап алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, іс Көкшетау қаласы ПБ тергеушілерінің өндірісінде.

Ұсталған ер адам психиатриялық диспансерге орналастырылды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз