Руслан Желдібай 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан қанша ақша алатынын айтты

ақша Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мемлекет басшысының Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ын балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аудару туралы бастамасын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады, - деп жазды президент баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз