Тоқаевтың баспасөз хатшысы бай-бағландарға арналған салықтың мәнісін түсіндірді

Президент Жолдауы-2022 Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында Қазақстанда "байлық салығын" енгізу туралы шешімнің не үшін қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібай ысырапшылдыққа салық енгізу туралы әңгіме көптеген жылдар бойы талқыланып келгенін атап өтті.

Салықтар жайына келсек, Батыста адамдар кірісіне қарай салық төлейді. Бұл да әділеттілік қағидаттарынан туындамайды ма? Әрине, туындайды. Егер қымбат көлікпен жүретін азаматты қарапайым азаматтармен салыстыратын болсақ. Табысына қарап, салық салынатын болады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай

Оның айтуынша, тек аса мұқтаж адамдар ғана атаулы әлеуметтік көмекті алуы керек.

Егер мұқтаж адам біреудің әділ жолмен (білімі, инновациясы есебінен - ред.) байып жатқанын ұғып, оны көзімен көретін болса, онда қоғамда толқулар болмайды, тұрақтылық болады, өйткені бәрі әділ екенін барлығы жақсы біледі. Онсыз өркендеу болмайды. Ал егер біз біреудің қылмыстық жолмен немесе өзге де тәсілдермен байып бара жатқанын көретін болсақ және оған ешкім кедергі жасамайтын болса, онда қоғамның мемлекетке деген сенімі сұйылады. Руслан Желдібай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз