Сағындықова мен Кенжебаева АҚШ-тың Ашық чемпионатында финалға шықты

US Open Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Team Kazakhstan академиясының түлектері жасөспірімдер арасындағы US Open-нің біліктілік жарысын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Раушан Сағындықова (№58) үш сет қорытындысы бойынша жапондық Харуку Хасегаваны ұтып кетті: 6:4, 3:6, 10:7. Алдағы іріктеу жарысының финалында Аружан америкалық Джульетта Парехимен бақ сынайды.

Сандуғаш Кенжебаева (№65) Нидерланды теннисшісі Роза Мари Нейкампты (№98) ұтты – 7:6 (8:6), 6:2. Бұл ретте қазақстандық спортшы бірінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқан, бірақ Сандуғаш камбэк жасап, ойынды тай-брейкке шығарып, біліктілік финалына жолдама алды.

Жасөспірімдер арасындағы US Open-нің басты ойынына ілігу үшін 17 жастағы Сандуғаш енді Польша теннисшісі Вероника Эвальдпен кездеседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз