Ақпарат және қоғамдық даму министрі Үкімет мүшелері алдында ант қабылдады

Ант қабылдау рәсімі Сурет: wikimedia
Жаңадан тағайындалған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Үкімет отырысында ант қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысты ашқан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Асқар Омаровтың Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылғанын еске салды. Президенттің Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тағайындалды.

Үкіметтің жаңа мүшесі ант қабылдады.

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз