Мәжіліс депутаттары бір күндік табысын Қостанай облысындағы зардап шеккендерге аударады

мәжіліс Сурет: parlam.kz
ҚР марламенті мәжілісінің депутаттары Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге бір күндік табысын аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының тұрғындары бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай – өртке тап болды. Өкінішке қарай, қайтыс болған адам бар.

Жүздеген үйлер мен өндірістік нысандар қирады. Орман қоры мен жануарлар әлеміне үлкен зиян келді. Қазір уәкілетті органдар барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Мемлекет басшысы жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр, - делінген парламент мәжілісінің хабарламасында.

Осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандыққа қостанайлықтармен бірге болып, қолдан келгенше көмек көрсету маңызды деді мәжілісмендер. Сонымен қатар мәжіліс депутаттары марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.

Осыған байланысты парламент мәжілісі Қостанай облысында өрт салдарынан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады. Мәжілісмендер мен Аппарат қызметкерлері марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді.Мәжіліс депутаттары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз