Жаңалықтар тізбегі
0

Қылмыс жасаған ене мен келін түрмеде де бірге амалдауға мәжбүр

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2022 23:44 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық пирамида құрып, темір тордың арғы жағына тоғытылған ене мен келін мұнда да бірге амалдауға мәжбүр. Өйткені келіннің түрмеге түскенде аяғы ауыр болған. Қазір босанған келіншекке арнайы бөлме беріліп, көмекшісі ретінде қасына енесі де алдыртылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енесі мен келіні қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының колониясында жазаларын өтеп жатыр. Колонияға келген кезде келіні жүкті болды, колония қызметкерлері оған бар мүмкіндікті жасап, әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді. Қазіргі уақытта сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында мекеме қызметкерлерімен дайындалған арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Сондай-ақ олар қажетті тағамдық қоспалармен, жөргектермен және киіммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, сотталушының жанында оның қайын енесі бар, ол оған барлық жағынан көмектесуде. Бала медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер баланың құжатын рәсімдеумен айналысуда, - деді ЕЦ- 166/10 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Жакишев Марат.

Айта кетейік, мессенджер арқылы енесі мен келіні ірі компанияның қызметі аясында алаяқтық схеманы ұйымдастырып, қаржы пирамидасын құрған. Олар жарна сомасынан екі есе дерлік пайда табуға уәде береді. Салымшылар жерлестеріне сеніп ақша аударғанымен, алданғандарын артынан түсінген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: