Көктөбедегі өрт қаупінің дережесі жоғарлатылды

Төтенше жағдай Сурет: куәгерлер түсірген
Туристер арасында кеңінен танымал, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау баурайындағы өрттің тұтанғанына осымен екі сағат болды. Құтқарушылар қалалық билікті өрт сөндіру жұмысына тартуға мәжбүр болғандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладан тартылатын қызметтердің күштері және құралдарымен өзара іс-қимыл өрістетіліп жатыр.

Түнгі уақытта техникалық қауіпсіздікке байланысты табиғи өртті сөндіруге авиация тартылмайтын болды, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған болатын. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді.

Кейін өрт жекеменшік үйлерге қарай жылжығаны белгілі болды, бірақ құтқарушылар қауіпті оқшаулай алды.

Алдында Кеңсай тауының баурайындағы өртті сағат 18:56-да әрең дегенде ауыздықтаған өрт сөндірушілер бірден тағы осыған ұқсас шақырту бойынша Көктөбеге ары қарай аттанған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз