Алматыда жаңа маршрут іске қосылды

автобус Сурет: Алматы әкімдігі
Осыған байланысты Алматыда кейбір маршрут сызбаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Көлік холдингіне сілтеме жасап.

12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады. Ол Асыл Арман шағын ауданынан Ташкент тракті бойымен - Райымбек даңғылы - Жетісу көшесі - Тәттібеков көшесі - Халиуллин көшесі - Есіл көшесі - Талғар трактісі - Бұқтырма көшөшесі - Орынтай ықшам ауданына дейін жүріп, кері бағытта да қозғалады.

Осыған байланысты №23 және №78 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жүріп өтеді. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді, - делінген хабарламада.

Ал №78 маршрут Ташкент трактісімен енді Алатау даңғылына бұрылып, Абай даңғылымен Б.Момышұлы станциясына дейін жүріп өтеді. Кері бағытта да тура осылай қозғалады.

Сонымен қатар Нұр Алатау шағын ауданында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 қыркүйектен бастап №30 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Оңтүстік бағытта - Жароков көшесі - Исиналиев көшесі - Алматы көшесінде кері айналу - "Алматы көшесі" бақылау нүктесі. Солтүстік бағытта - қозғалыс "Алматы көшесі" бақылау нүктесінен басталады, - делінген Алматы қаласының Көлік холдингі хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз