Қызылорда облысында тәттіге қақалып, тұншыққан інісін әпкесі құтқарып қалды

Оқыс оқиға Сурет: pixabay
Бала мармеладқа қақалып, тұншығып қала жаздады. Шалт әрекет еткен әпкесі інісін аман алып қалды. Оқыс жағдайдағы қыздың әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Қызылорда облысының Арал ауданында орын алған. Бес жасар бала мармеладқа қақалып, тұншығып қала жаздайды.

Осынау қиын жағдайдағы құтқару сәті үйдегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан үлкен әпкесі інісінің арқасынан ұра бастағанын көруге болады. Содан кейін ол оны артынан келіп кеудесінен құшақтап, сілкілей бастады. Осыдан кейін мармелад сыртқа ытқып шығып, тұншыққан бала ашқарақтана дем ала бастайды.

Желі қолданушылары қыздың дұрыс әрекет еткеніне таңданып, оған алғыс жаудырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз