Тоқаев Абай облысының бірқатар өрт сөндірушісіне мемлекеттік награда тағайындады

Наградтау туралы Жарлыққа қол қойды Сурет: akorda.kz
Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен  жанқиярлығы үшін Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Тоғызбаев Айдос ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан бөлек Абай облысының тағы бірқатар өрт сөндірушісі марапатталды. Наградтау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен  жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

  • Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы  (марқұм);

  • Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы наградталды.

  • «Ерлігі үшін» медалімен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрлан Сәлімжан наградталды.

Аталған Жарлық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енді.         

Әуезов ауылының №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 7 қыркүйекте түскі уақытта Абай облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінің Бірінші ауыл учаскесіндегі дала өртін сөндіруге аттанған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз