Жаңалықтар тізбегі
0

1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы қалай тағайындалады

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 16:27 Сурет: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баланы 1,5 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға жәрдемақы қалай тағайындалатынын, сонымен бірге бұл қай кезден бастап мүмкін болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электронды үкімет сайтында әйел жәрдемақы төлеу неліктен 2022 жылдың 1 қаңтарында туылған балаларға ғана қатысты болатынын сұрады.

Осы заң күшіне енген кезде оның жасы 1,5-ға толмаса, екі ай бұрын туған баланың қандай айырмашылығы бар? – деп сұрады қазақстандық.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға сәйкес туған, асырап алынған, сонымен қатар қорғаншылыққа алынған балалары бар отбасылардың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар екенін түсіндірді.

Бұл ретте бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарту тек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады.

Осылайша заңға өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 37-бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туған қатынастарға қолданылмайды, - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

ҚР Азаматтық кодексінде де азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайды және олар күшіне енгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады деп белгіленген.

Осыған байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылған тұлғаларға қолданылмайды, - деп қорытындылады ведомство.

Жұмыс істейтін әйелдер мен ер адамдарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы кейінгі екі жылдағы орташа айлық табысының 40%-ын құрайды. Екі немесе одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға жеке тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы былай белгіленеді:

бірінші балаға – 5,76 АЕК (18 316 теңге);

екінші балаға – 6,81 АЕК (21,655 теңге);

үшінші балаға – 7,85 АЕК (24 963 теңге);

төртінші және одан да көп – 8,90 АЕК (28 302 теңге).

2021 жылы 385 мыңға жуық адам бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны алса, оның 3,5 мыңға жуығы - ер адамдар.

Сонымен қатар бала туғанда біржолғы жәрдемақы тағайындалады. Ол бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда 38 АЕК (120 840 теңге) болады.

Төртінші балаға ата-ана 63 АЕК (200 340 теңге) жоғары жәрдемақы алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: