Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай әрқашан Қазақстанның сенімді досы әрі серіктесі болады – Си Цзиньпин

Мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 22:05 Сурет: akorda.kz
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы жұмыс сапары, сондай-ақ қытай-қазақстан қатынастарының ерекшелігі туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарынан кейін тағы да Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеніне қуанышты болғанын жеткізді.

Бес жылдан кейін алғаш рет өзімді ерекше жылы сезімге бөлейтін Қазақстан деген тамаша елде болдым. Бұл - менің пандемиядан кейінгі алғашқы сапарым, әрине қытай-қазақстан қатынастарының жоғары деңгейі мен ерекшелігін және біздің терең достығымызды танытатын Қазақстанды таңдадым. Қазақстан Орталық Азиядағы ірі ел және Еуразия өңірінде маңызды ықпалы бар мемлекет болып табылады. Қытай үкіметі Қазақстанмен арадағы өз қарым-қатынасына үлкен маңыз беретінін қайталап айтқым келеді, - деп жазады Toutiao басылымы Қытай басшысының сөзін келтіріп.

Сондай-ақ, ҚХР төрағасы Тоқаевтың елдегі тұрақтылықты сақтау үшін қабылдаған шараларын қолдайтынын нақтылады.

Халықаралық ахуал сан құбылып жатса да, Қытай ұлттық тәуелсіздікті, егемендікті және территориялық тұтастықты қорғау тұрғысынан әрқашан Қазақстанды қолдайды, сондай-ақ ұлттық тұрақтылық пен дамуды қолдау үшін Президент қабылдаған реформалау және Қазақстанның ішкі істеріне кез келген күштердің араласуына табанды түрде қарсылық көрсету шараларын да нық қолдайды. Қытай әрқашан Қазақстанның сенімді досы әрі серіктесі болады. Си Цзиньпин

Сондай-ақ, басылым Тоқаевтың Қытай басшысын екі ел арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін марапаттаған "Алтын Қыран" орденін де сөз етеді.

14 қыркүйекте Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: