Қайырымдылық үшін қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі
Құрметті атақ меценаттарға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық еріктілеріне беріледі деп жоспарланып отыр. Құрметті атақты беру 5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күніне орайластырылып отыр.
Ережеге сәйкес, құрметті атақ құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, парламент депутаттары кіретін комиссияның шешімі негізінде беріледі.
Құрметті атақтар беруге өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырады. Осыдан кейін комиссия мүшелері өтініштер келіп түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде 3 критерий бойынша 0-ден 5 балға дейін зерделеп, бағалайды:
әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосу;
қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы;
қысқа және ұзақ мерзімді перспективада жүзеге асырудың тұрақтылығы мен әсері.
Әрбір критерий бойынша ұпайлар жинақталып, жалпы ұпай беріледі.
Өтініш берушіге құрметті атақ беруге келісу туралы комиссияның шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Үміткер бағалау парағын таңдайдың үш критерий бірауы бойынша "0" ұпай алған жағдайда құрметті атақ берілмеді.
Құрметті атақ беруді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе басқа да лауазымды адамдары салтанатты жағдайда өткізді және Халыққаралық қайырымдылық күніне орайластырылған.