Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үстел теннисінен халықаралық жарыс өтіп жатыр

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 15:02 Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ерболат Досаев үстел теннисінен өтіп жатқан "WTT Contender Almaty" халықаралық турниріне барды. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, спортты дамыту дирекциясының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда алғаш рет халықаралық ауқымдағы оқиға, Contender сериясының турнирі 13-18 қыркүйек аралығында жаңа "ADD" үстел теннисі орталығында өтуде.  

Жарысқа әлемнің 28 елінен 140 атлет қатысты.

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 15:02

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Турнирге қатысушылар арасында Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және Әлем Кубогының жеңімпазы Дмитрий Овчаров (Германия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юньжу (Қытайлық Тайбэй), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Маттиас Фальк (Швеция), Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Данг Цю (Германия), Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Джэ-Джэхен (Оңтүстік Корея) және т.б бар.

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 15:02

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ел намысын 11 ер адам мен 11 әйел қорғап жатыр, олардың ішінде құрама көшбасшысы, Рио-2016, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы Кирилл Герасименко, сонымен бірге халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері Алан Құрманғалиев бар.

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 15:02

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Турнирдің жүлде қоры 75 мың АҚШ доллары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: