Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов БАӘ сапары кезінде құны $900 млн болатын келісімдерге қол қойды

ҚР премьер-министрі, БАӘ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 16:26 Сурет: primeminister.kz
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтары өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т. б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды.

Әлихан Смайылов "Mubadala" тобының бас атқарушы директоры Мусаббих әл-Каабимен кездесті. "Mubadala" – бағалау активтері $285 млрд болатфн және тәуелсіз қорлардың әлемдік рейтингісінде 13-орынға ие мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компания.

Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені салаларында әлеуетіміз зор. Бұл тұрғыда әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, арнайы әзірленген жаңа жобаларды іске асыруға қатысуды ұсынамын, – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ премьер-министр ауыл шаруашылығы, энергетика және банк секторында бірлескен жобаларды іске қосу перспективаларын атап өтті.

«Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды әрі қарай жақсартады. Әлемдегі дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 54%-ға өсіп, $6,8 млрд болды», — деп атап көрсеткен Әлихан Смайылов шетелдік серіктестерді ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде Мусаббих әл-Кааби "Mubadala" компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырып жатқанын айтты. Атап айтқанда, жасыл энергетика, қаржы, тау-кен металлургиясы, мұнай және газ салаларында ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда.

Сонымен қатар премьер-Мминистр "ADQ" компаниясының басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді. "ADQ" – 90-нан астам компанияға тікелей және жанама инвестициялар құйған өңірдегі ірі холдинг компаниялардың бірі.

Бұл холдингтің қызмет саласы өте ауқымды, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды. Олардың барлығы біз үшін басым бағыттар, — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Сувейди ұсынылған мүмкіндіктер үшін қазақстандық делегацияға алғысын білдіріп, фармацевтика саласына, азық-түлік тауарларын өндіруге, логистикалық бағыттарды дамытуға және жаңартылатын энергетикаға ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті.  

Сонымен қатар Әлихан Смайылов "Ayana Holding" компаниясының төрағасы Абдулла бен Лахеджбен кездесті, онда құрылыс саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.  

Екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрінің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы 900 млн доллар болатын бірқатар екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Оның ішінде:

  • "Citix" ЖШС мен "The Gulf Foundation" арасындағы БАӘ-де инновациялық және IT-шешімдерді құру жобасын іске асыруға "SmartCity&Adtech" кешенді шешімі туралы келісімшарт; 

  • Астана қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша "BI Group"  және "International Community Schools" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

  • Ақтөбе қаласында жекеменшік мектеп салу бойынша "Эрудит Бизнес" ЖШС және "International Community Schools" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 

  • "KazakhAgroExport" ЖШС және "Health Plus General Trading LLC" арасындағы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;

  • "Оптоград"  ЖШС мен "Laser Meat Trading Est" арасындағы БАӘ-ге қой етін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт; 

  • "ҚазСтандарт" РМК және "GulfTIC" арасындағы Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін қазақстандық өнімді сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және т.б құжаттар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: