Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құруды ұсынды

БҰҰ-дағы сөзі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 23:43 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде бұған дейін Қазақстан ядролық қару  сынақтарынан  көп зардап шеккенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан ядролық державалар арасындағы текетірестің күшею қаупін жақсы түсінеміз, - деді Президент.

Осыған орай ядролық қарусыздану Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды қырына айналды. Біз ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы күресімізді жалғастыра береміз. Бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, өкінішке қарай, жалпы ахуал жақсы емес. Ядролық державалар арасында  күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетірес бізді алаңдатады. Сондай-ақ біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жалпы конференциясы аясында ілгерілеу жоқ екеніне алаңдаймыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, біздің алдымызда қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы жаңа механизмдерді әзірлеу жөнінде аса күрделі міндет тұр.

Сонымен қатар COVID-19 пандемиясы биологиялық қауіп-қатерлерді басқаруға және азайтуға бағытталған шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айқындап берді.  

Халықаралық ынтымақтастық үшін арнайы институт немесе орган құруға ешқандай шара қабылдамай, 50 жылдан бері биологиялық қару туралы Конвенцияның ережелерін әлі де ұстануымыз бізді алаңдатуы керек. Осыған орай бұған дейін ұсынған Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құру туралы бастамамды қайта еске салғым келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, мұндай бастама халықаралық қауіпсіздікке төнген қауіппен қатар климаттың өзгеру проблемасы да ауқымды халықаралық ынтымақтастық пен ниеттестікті  қажет етеді.  

Бүкіл әлем халқы ауа райы мен қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты туындаған қатермен бетпе-бет келіп отыр.

Егер жағдайды жақсартқымыз келсе, жылдам іске көшуіміз қажет. Көпшілігіміз қазірдің өзінде бұл бағытта батыл қадамдар жасадық. Қазақстан 2060 жылға қарай еліміздің энергетика секторының  мұнай мен газға тәуелділігінен көміртегінен бейтарап экономикаға толық көшіру міндетін алды. Мемлекет басшысы

Ғаламшарымызды құтқару үшін бұрын-соңды болмаған көлемде инвестиция қажет, - деді Президент.

Бірақ, оның айтуынша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес даму немесе жаңғыру процесінің есебінен жүргізілмеуі керек.

Сондықтан осы жылы өтетін COP27 климаттық конференциясында Ұйымға мүше мемлекеттер, сондай-ақ жаһандық бизнес-қоғамдастық климатқа қатысты қаржыландыру жөніндегі өз міндеттемелерін тағы да ұлғайта түсуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: