Кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні өтеді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте қол қойды.
Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін, – делінген жарлық мәтінінде.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қыркүйектің 16-сы күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға президент сайлауы бойынша енгізілетін түзетулер мақұлданды. Енді Қазақстанда президент жеті жылға бір рет сайланады.
1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында кезектен тыс президенттік сайлауды 2022 жылдың күзінде өткізуді ұсынды. Сондай-ақ мемлекет басшысы парламент пен мәслихаттар сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді ұсынды.
2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript