Қазнетте таязданып бара жатқан Каспийдің тағы бір видеосы жарияланды

Каспий Сурет: видеодан скриншот
Ақтаулық блогер Нұркен Тәжібай Instagram-дағы парақшасында Каспий теңізінің таяздығы туралы видеосын бөлісті. Ол Каспийдің шамамен 300-350 метр таязданғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұркен Тәжібайдың өз видеолары арқылы экологиялық апатқа назар аударуға шақыруы бірінші рет емес.

Түпқараған өңіріндегі Сартастағы теңіздің тайыздануының ауқымы жүректі ауыртады. 22 қыркүйекте жарияланған есепте Каспий шамамен 300-350 метрге шегінді, – делінген хабарламада.

Блогер бөліскен видеоға желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр:

  • Ешкім ештеңе істемейді!

  • Сене алар емеспін, өте өкінішті

  • Судың әлдеқашан тартылғаны анық, тіпті шөп өсіп үлгерген;

  • Неміс ғалымдарының болжамы бойынша, Каспий теңізі әлі де оптимистік сценарий бойынша -9м, ең нашар сценарий бойынша -18м төмендейді!

Бұған дейін таязданған теңіз видеосын белсенді Азамат Сәрсенбаев жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз