Ақтауда пара алды деген күдікпен кеден бекеті басшысының орынбасары ұсталды

Антикор Сурет: Zakon.kz
"Ақтау теңіз порты" кеден бекеті басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты іс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Astana TV өңірдегі прокуратураға сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы - "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы бірнеше мәрте пара алуы" бойынша қолға алынды.

Бұл арада қандай сома туралы айтылып отырғаны белгісіз. Басты күдікті екі айға қамауға алынды.

Тергеу барысында кеден бекеті басшысының орынбасары әшкереленді. 10 қыркүйекте сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта тергеу органы қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін талап етілетін тергеу әрекеттерін жүргізуде. Маңғыстау облысы прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз