Алматыдағы вагон толы әскери қызметкерлердің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желі Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қатты алаңдауға негіз жоқ. 22 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» сынды үш бірдей оқу-жаттығулары өткелі жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті  техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.

Видео сілтемесі мына арада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз