Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға сотталды

Қайрат Сатыбалдыұлы, сот Сурет: gov.kz
Сот Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қыркүйектің 20-сы күні Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық ісі бойынша сот отырысында адвокаттардың бірі "Қазақтелеком" АҚ мен сотталушылар Бекетов, Мұхамеджанұлы, Қоңырбаев және Муравьев арасында медиациялық келісім жасалғанын хабарлады.

Кейін елордалық соттың баспасөз қызметі Қайрат Сатыбалдыұлы компанияға 28 миллиард теңгеден астам ақшаны қайтарғанын және "КСО" АҚ жауапкерге қоятын талаптары жоқ екенін мәлімдеді.

Алайда 21 қыркүйекте "КСО" компаниясы Қайрат Сатыбалдыұлымен дауды шешілді деп есептеуден бас тартты.

22 қыркүйекте сот отырысында прокурор Жангелді Есебаев оның мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, соттарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте, оның ведомстволық және мемлекеттік ұйымдарында және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50%-дан астам ұйымдарда, соның ішінде ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар, ұлттық даму институттарында 10 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуын сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз