Халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ – Смайылов мигранттар туралы

ҚР үкіметі, миграция, Ресей азаматы, пәтер бағасы, мобилизация Сурет: Zakon.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов көші-қонға байланысты қоғамда түсініспеушілік туындағанын айтты. Осыған орай 27 қыркүйекте өткен үкімет отырысында осы мәселеге арнайы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік екенін баса айтты.

Осыған орай айтайын дегенім шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Сонымен бірге ол арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтымыз қиын жағдайға тап болғанын тілге тиек етіп, шара қабылдауды тапсырды.

Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет болуы тиіс. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Әлихан Смайылов көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алатынын ескертіп, жағдай күнделікті бақылауда екеніне сендірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз