Байқоңырда той әзірлігімен анасы ас үйде жүргенде, баласы баспалдақтан құлап кеткен

Қоғамда резонанс тудырған оқиға Сурет: Zakon.kz
"Байқоңыр" кешенінің құқық қорғау органы қатерлі жағдайда қалдыру бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқоңыр қаласында бұқараның қызу талқысына түсіп, резонанс тудырған қылмыстық істі жергілікті прокурорлар қазақстандық тарапқа өткізіп берді. Бұл арада анасының қараусыз қалдыруы салдарынан емшектегі сәбидің ауыр жарақат алу фактісі туралы сөз болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Баласы зардап шеккен келіншек Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы ауылынан туыстарының үйіне қонаққа келген. Ол баласы екеуі той болғалы жатқан отбасының бір мүшесінің көпқабатты үйдегі пәтеріне барып орнығады. Баласын басқа бөлмеге қалдырған келіншек ас үйде тойдың қамымен тамақ әзірлігіне көшеді. "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы

Той алдындағы осындай арсын-гүрсін кезде оқыс жағдай орын алған. Бір жарым жасар баланың пәтерден қалай еңбектеп шығып кеткенін анасы білмейді, оны байқамай қалған. Ал бала одан кейін баспалдақтан төменге қарай құлдилай құлап, ауыр дене жарақатын алған.

Күдіктінің Қазақстан азаматы болуына байланысты қылмыстық іс қазақстандық құқық қорғау органдарына жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз