Beeline Қазақстан кейбір ресейлік телеарналар неліктен көрсетілмейтінін айтты
Сурет: unsplash
27 қыркүйек күні Beeline Қазақстан 5 қазаннан бастап кейбір ресейлік телеарналарды көрсетуді тоқтататынын мәлімдеді. Компанияның баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне мұндай шешім қабылдауға не себеп болғанын айтты.
Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, пакеттік ұсыныстар мен контент мазмұнын қайта қарау цифрлық операторлар үшін әдеттегі тәжірибе.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай тәжірибе Beeline Қазақстан абоненттерінің қалауына сәйкес жалғасын табады.
Біздің пайдаланушыларымыздың негізі – біз бағдар алатын әрі ойын-сауық video-on-demand (сұранысқа сай контент) контент тұтынуға дағдыланған жастар аудиториясы. Мысалы, "Максимум" пакетінде әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам фильмдер мен сериалдар бар BeeTV+ жазылымы қамтылған. Beeline Қазақстан баспасөз қызметі
27 қыркүйекте Beeline Қазақстан 5 қазаннан бастап кейбір ресейлік телеарналардың хабарын таратуын тоқтатқанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript