Талдықорған әкімдігінде сыпырғыш тұтанып, қызметкерлер эвакуацияланды

Талдықорған, әкімдік Сурет: видеодан скриншот
28 қыркүйекте әлеуметтік желіде Талдықорған қаласы әкімдігінің ғимаратынан адамдар эвакуацияланған видео пайда болды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ке эвакуацияның себебін айтты.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қабанбай батыр, 26 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында түтін байқалды, соның салдарынан адамдар эвакуацияланды.

Оған себеп – жертөледегі сыпырғыштың өртенуі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер өртті жойды, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жертөледе түтін шыққаны туралы хабарлама 28 қыркүйек 09:10 түсті.

16 қызметкер мен төрт бірлік ТЖД техникасы дереу шақырту орнына аттанды. Жертөледе орналасқан техникалық қызметкерлерге арналған қосалқы бөлмеде түтін шығаратын сыпырғыш болғаны анықталды. Келгенге дейін түтін тазартылды, - деп хабарлады Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы пабликтердің бірінде жарияланды.

2021 жылдың 3 қазанында Шығыс Қазақстан облысында әкімдік ғимараты өртенді. Одан кейін Өскемен қаласы әкімдігінің кеңселерінің бірінде еден өртенгені хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз