Жаңалықтар тізбегі
0

Президент ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту жайлы: Бұл - біздің міндет

Ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 19:03 Сурет: akorda.kz
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Ауылдық жердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту" атты ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент ауыл халқының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда бұл атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондықтан жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды.

"Алтын сағат" қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол. Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға  айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады. Мемлекет басшысы

Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан  2 есе көп қайтыс болады.

Тіпті, жастарымыз да көз жұмып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді  ауруханалар желісі – бұл ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: