Түркістан облысында полициядан қашқан көлік апатқа ұшырап, жүргізушісі опат болды

Қайғылы оқиға Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында ізіне түскен полициядан қашқан көлік апатқа ұшырап, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте Төлеби аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған көлік жүргізушісінің мас күйіне күмәнданып, қандай да бір апаттың алдын алу үшін және мән-жайды білуге тоқтатпақшы болады. Осы сәтте көлік иесі тежегішті басқанның орнына жылдамдықты асырып, қаша жөнеледі. Көз ілеспес сәтте жүйіткіген көлік басқа көліктерге соқтығысып, жол апаты орын алды. Оқиға орнына Төлеби АПБ-ның басшылығы мен прокурорлар, жедел-тергеу тобы шықты.

Аталған жайт Төлеби АПБ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Жол апаты салдарынан Ваз 2103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, оның жолаушысы мен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Сол күні қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қаза тапқан жүргізушінің туыстары жол апаты бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен арызданды. Олардың шағымы бірден тіркеуге алынып, Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде.

Қазіргі таңда жол апатының себеп-салдары мен мән-жайын анықтауға қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама нәтижесі күтіліп отыр. Заңға сәйкес сараптама қорытындысымен нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бұл іс Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз