Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ҰҚШҰ барлаушыларының оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Іздеу-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 19:05 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері "Іздеу-2022" арнайы оқу-жаттығуына қатысуда. Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" және "Гвардейск" полигондарында өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Іздеу-2022" оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.

Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктеледі. Арнайы оқу-жаттығудың мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, далалық білім деңгейін көтеріп, барлау бөлімшелердің тез арада үйлесімділігін арттыру болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, алдында ҚР Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтетінін хабарлады.

13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында қақтығыстар орын алды. 14 қыркүйекте Армения ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.

21 қыркүйекте аймаққа ұйымның Бас хатшысы Станислав Зас бастаған ҰҚШҰ миссиясы келді.

27 қыркүйекте Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан шекарасындағы жағдайға байланысты биылғы жаттығуларға қатыспайтынын жария етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: