Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қарағанды жастарына берілетін жеңілдетілген ипотекаға байланысты тапсырма берді

Тоқаев Қарағандыда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 11:43 Сурет: akorda.kz
Қарағанды ​​облысы жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың барлық санатын жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар кешенін әлдеқашан бастау керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жас мамандардың баспана сатып алуына қолдау көрсету өте маңызды екенін айтты. Тоқаев аймақтағы жеңілдетілген ипотека бағдарламасының бюджетін кеңейту керек деп есептейді.

Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Президент

Сонымен қатар президент мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек екенін қоса кетті.

Мемлекет басшысының сөзінше, аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10%-ын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады.

Жылына 5% өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген. Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: