ОПЕК + мониторинг комитеті тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 2 млн баррельге қысқартты

ОПЕК+ Сурет: pxhere.com
ОПЕК + министрлерінің бірлескен мониторинг комитеті тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 2 миллион баррельге қысқартуға келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнай өндірісті көлемін қысқарту қай кезеңге жоспарланғаны нақтыланбаған, деп хабарлайды Bloomberg.

Бұл шара сұраныстың одан әрі төмендеуін болжап, инвесторлардың алаңдап отырған кезінде әлемдік нарықтағы бағаның күрт төмендеуін тежеп ұстауға бағытталғаны айтылады.

Бұған дейін Ресейге қарсы санкциялардың сегізінші пакеті аясында ЕО мұнайды белгіленген бағадан жоғары үшінші елдерге теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салған.

Батыс елдерінің Ресейге қарсы көптеген санкциялары өздерінде рекордтық инфляцияны және жанаржағармай бағасының өсуіне әкеліп соқты. Жағдайды тұрақтандыру үшін Джо Байден шілде айында Таяу Шығысқа мемлекеттік сапармен барды, оның аясында ОПЕК+ мәмілесінің негізгі мүшелерінің бірі - Сауд Арабиясына да ат басын бұрды. Америка Президенті Парсы шығанағы елдерінің мұнай өндірісі мен тасымалын арттыруды сұрады. Бірақ оған ешкім келіспеді.

Сондай-ақ, CNN жақында АҚШ Президентінің әкімшілігі ОПЕК+ елдерін шикі мұнай өндірісін қысқарту туралы шешімдерінен бас тарттыруға тырысқанын хабарлады. Ақ үй қызметкерлері мұндай шешімді "жалпылама апат" әрі "дұшпан әрекеті" деп атады.

ОПЕК+ 2020 жылдың мамырында пандемия салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты тәулігіне мұнай өндірісі көлемін 9,7 миллион баррельге қысқартты. Одан кейін келісімшарттарға бірнеше рет түзетулер енгізілді, ал осы жылдың тамыз айынан бастап альянс қысқарту бойынша соңғы кезеңге аяқ басты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз